Сәрсенбі, 16 қазан, 05:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік желі арқылы танысқан: Алматыда айуандықпен өлтірілген 19 жастағы бойжеткен жайлы полицейлер айтып берді

26.03.2021

1900 0

Алматылық полицейлер Аяжан Еділованың өліміне қатысты деректермен бөлісті.

«Алматылық Аяжан Еділова із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабар 20 наурыз күні келіп түсті. Іс тіркелген соң, жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 21 наурызда түнгі сағат 22:00-де жоғалған қыздың ең соңғы барған мекенжайы анықталды. Алатау ауданы Ақккент тұрғын үй кешінінде күдіктінің тұратаны белгілі болды. Күдікті 1993 жылғы азамат, оның үйіне кіру үшін полицейлердің есікті бұзуға тура келді. Пәтерге басып кірген полциейлердің көрген азамат өзіне қол салмақшы болған. Жедел жәрдем шақыртылып, күдікті ауруханаға жеткізілді. Қазір ол тұтқындаулы», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов. 

Бұған қоса, марқұмның бөлшектенген денесі табылғаны расталды. Полицейлердің мәліметінше, күдікті мәйіттін көзін құрту үшін осылай істеген. 

«Күдіктінің сөзінше, ол бойжеткенді 19-нан 20 наурызға қараған түні, шамамен 23:00 мен 00:00 шамасында өлтірген. Яғни, қылмыс Аяжан Еділбекованың жоғалғаны туралы хабар келіп түспей тұрып болған. Іс тергелуде. Бойжеткен денесінің кей бөліктері Алатау ауданы мен Бостандық ауданындағы қоқыс жәшіктерінен табылды. Сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыс пәтерде орын алған», – деп қосты ол. 

ПД таратқан мәліметтерге сәйкес, күдікті мен бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ұсталған азамат бұрын сотталмаған.

«Марқұм күдіктімен «Бадо»желі арқылы танысып, үйіне барған. Күдікті мен зардап шегушінің арасында жыныстық қатынас болған болмағаны белгісіз. Ер азаматтың сөзінше, екеуінің арасында жанжал туып, артынша ашуға булыққан ол қызды өлтірген»,  деді ПД өкілдері. 

Бойжеткеннің неден көз жұмғаны алдағы уақытта анықталатын болады. 

Дереккөз: Stan.kz

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: