Жұма, 11 қазан, 08:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Алаяқтықпен ұсталды

06.12.2023

410 0

Қызылордалық ерлі-зайыптылар алаяқтықпен ұсталды. «А» және оның жұбайы «Г» есімді азаматтар 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген желеумен жәбірленуші «М» есімді азаматшадан алдап 8 000 000 теңге ақша қаражатын алған.

28.10.2023 жылы аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағыменсотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелген.

Қазіргі таңда, «А» және «Г» есімді азаматтарға Қызылорда қалалық мамандандырылған сотымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкциясы берілді. Іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: