Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Аудан тұрғынынан тіркеуде жоқ иір ойықты винтовка тәркіленді

07.10.2021

877 0

2021 жылдың қазаң айының 1-14 күндері аралығында «Жалданушы-2021» жедел-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілуде.

Жедел прфилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысының полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылықтың 15 дерегі анықталды.

Шетелдік азаматтардың елімізде болу қағидаларын бұзудың 7 дерегі анықталып, оларға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шара көрілді.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында облыс тұрғандары тарапынан заңсыз сақтауда тұрған 8 дана қару тәркіленді.

Оның ішінде полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы тұрғынының автокөлігінен ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ иір ойықты винтовка тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс қозғалды.

Жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар өз жалғасын табуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: