Жексенбі, 24 қараша, 05:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Имам оқшауланған аймақтағы сотталған азаматты жеке қабылдады

04.09.2024

277 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азамат Қызылорда қалалық Төлен ата мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан Оразалыұлымен жеке кездесті. Кездесу барысында, Мұсылманның сипаты, көркем мінездің маңыздылығы тақырыбы талқыланды. Мұсылман адам әуелі өзін жоқтан бар еткен Аллаға сеніп, оны жақсы көруі тиіс. Әрине Алланы жақсы көру, оған деген шынайы махаббаты деген кезде ананың перзентіне, екі жастың бір-біріне деген махаббат пен сезімін елестетуге болмайды. Алланы жақсы көру,     оған иман ету мен тануға байланысты болмақ.
Өйткені адам білгені нәрі танығанын ғана жақсы көре алады. Біз Алла Тағаланы Құранда айтылған сипаттарымен ғана тани аламыз. Оны шектеулі санамызбен танымдауымыз мүмкін емес. Ол әлемдердің Раббысы. Барлық мақлұқ атты жаратушы әрі өмір беруші, одан басқа жаратушы жоқ. Барлық нәрсені көруші, білуші, аспан мен жерде оған құпия ештеңе жоқ. Барлық нәрсені естуші, тіпті жүректегі сезім мен санадағы жасырын ойды да білуші, аса мейірімді, ерекше қамқор.
Барлық жаратылысқа деген шексіз мейірім иесі. Жаратқан пендесі иман етпесе де, ол адамға ризық беруші. Барлық нәрсеге құдіреті жететін, ай мен күнді, күндіз бен түнді, аспан мен жерді адамның игілігіне ұсынушы. Адамға берілген кәміл қабілетті беруші деп білеміз. Аллаға деген махаббат адамды Аллаға жақындатады және оның ризалығын алу үшін шынайы түрде амал етуге жетелейді деп «Хазірет әли» мешітінің имамы сотталғандарға өзінің ризашылығын білдіріп, олардың ой толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
Сотталған азамат имаммен жеке кездесу барысында өзінің діни сауаттылығын одан әрі жетілдіре түскендігін, әрі қарай осындай кездесулердің имамдар мен білікті мамандардың кеңестері аса қажеттілігін айтып өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: