Құрылтай

Бейсенбі, 16 шiлде, 18:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Кассациялық сот – заңдылық пен әділ сот төрелігінің кепілі

16.07.2026

45 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазақстан Республикасында сот жүйесін дамыту және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау – құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Осы мақсатта сот жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді. Соның маңызды бағыттарының бірі – кассациялық сот өндірісін дамыту және оның азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы рөлін күшейту.

Кассациялық сот – бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін жоғары сот сатысы. Оның негізгі міндеті – соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолдануын қамтамасыз ету, сот тәжірибесінің біркелкілігін қалыптастыру және заң үстемдігін нығайту.

Кассациялық саты істің барлық мән-жайын жаңадан қарамайды. Ол төменгі сатыдағы соттардың заң талаптарын сақтағанын, дәлелдемелерді заңға сәйкес бағалағанын және қабылданған шешімнің заңдылығын тексереді. Егер сот актісінде заң талаптарының бұзылуы анықталса, кассациялық сот оны өзгертуге немесе күшін жоюға және істі жаңадан қарауға жіберуге құқылы.

Кассациялық соттың қызметі азаматтардың әділ сотқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл сот сатысы сот қателіктерін түзетуге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және сот тәжірибесінің бірізділігін сақтауға ықпал етеді.

Сот жүйесіне енгізіліп жатқан реформалар кассациялық өндірістің тиімділігін арттыруға, сот рәсімдерін жетілдіруге және сот төрелігінің сапасын көтеруге бағытталған. Заманауи цифрлық технологияларды қолдану, электрондық сот ісін жүргізу жүйесінің дамуы және сот процестерінің ашықтығы азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беруде.

Заң үстемдігін қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаты. Осы тұрғыдан алғанда, кассациялық соттың қызметі сот төрелігінің сапасын арттыруда, заңдардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуде және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда ерекше маңызға ие.

Әрбір сот шешімі заң талаптарына сай, әділ әрі негізді болуы тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізуде кассациялық сот маңызды құқықтық институт ретінде сот жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп, қоғамның сот билігіне деген сенімін арттыруға қызмет етеді.

А.Изтелеуова
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: