Сейсенбі, 19 наурыз, 15:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

«Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде

05.03.2021

1379 0

«Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауының негізінде облыста мынадай іс-шаралар өткізілді:

2021 жылғы 15 ақпанда «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу ұйымдастыру нұсқаулығын Қызылорда облысының әкімі бекітті. Аталған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, Департамент бастығының 2021 жылғы 19 ақпандағы «Облыс аумағында «Көктем-2021» РКШОЖ іс-шараларын дайындау және өткізу туралы» бұйрығы шығарылды. Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдерінің аппараттарын, азаматтық қорғау қызметтерін, облыстық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың тізбесі бұйрыққа сәйкес бекітілді.

«Көктем-2021» РКШОЖ іс-шарасының бірінші кезеңінде:

2021 жылғы 4 наурызда сағат 08.00-де «Дабыл-1001» шартты белгісі қабылданғаннан кейін, Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметінің күштерін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін жоғары дайындыққа келтірілді.

«Көктем-2021» РКШОЖ-ның республикалық штабына 08 сағат 05 минутта хабарлама жіберілді.

Жергілікті ауқымдағы Төтенше жағдай аймағы бойынша төтенше жағдай және оның салдарын жою бойынша тәуліктік штаб жұмысы ұйымдастырылды.

№1 тәжірибелік оқу жаттығу:

Қызылорда облысы Сырдария өзенінде сең жүру кезінде мұз кептеліс әсерінен дария деңгейі көтеріліп жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төнді.

09 сағат 15 минутта Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекеніне Қызылорда қаласының авариялық құтқару құрылымдары ілесіп алып жүру маршын (колонный марш) жасады.

10 сағат 35 минутта құрамында 191 жеке құрам, 51 бірлік техника оқиға орнына жетті.

Су алған елді мекеннің жанына жедел штаб құрылып, далалық лагерь өрістетілді. 12 дана далалық палатка (полевая палатка) құрылды. Энергетика қызметі электр желілерін жүргізіп, үздіксіз тоқ көзімен қамтамасыз етті.

Оқиға орны қоршалып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тобы күзетті.

Құтқару қызметі зардап шегушілерді қауіпсіз орындарға шығарып, медициналық қызметке табыстады. Медициналық қамтамасыз ету тобы далалық лагерьде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сонан соң ауруханаға тасымалдау жұмыстарын жүргізді

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау қызметі үй жануарлары мен малдарды қауіпсіз жерге айдап шығып, су алмайтын биік жерлерге орналастырып, жем-шөппен қамтамасыз етілді.

Өрт сөндіру қызметі су сору мотопомпалары арқылы су басқан тұрғын үйлердің ауласынан су сору жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарды эвакуациялады.

Инженерлік қызмет дамбының жырған жерлеріне құм үйіп, нығайту жұмыстарын жүргізді.

Көлік қызметі тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат қызметі оқиға орнынан тікелей көрсетілім арқылы ТЖ туралы ақпаратты баяндады. Осы ретте жергілікті және республикалық арналарға сұхбат берілді.

Сауда қызметі ТЖ орнында жұмыс жасап жатқандарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін далалық палаткада ас ұйымдастырды.

Мекемелерден түскен хабарламаларды қабылдау үшін Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Дағдарыс орталығы ұйымдастырылды.

ТЖ аймақ орнында жылжымалы басқару пункті және байланыс торабы дайындыққа келтірілді (Шиелі ауданы Тартоғай елді-мекенінде аумағында КШМ (командно-штабная машина) құрылып, мәліметтерді уақтылы беру үшін ҚТ (қысқа толқынды), УҚТ (ультро-қысқа толқынды) радиобайланысы және АСТЕЛ спутник байланысы орнатылды).

Басқару пункті дайындыққа келтіріліп, облыстың халықты құлақтандыру және байланыс жүйесі тексерілді, облыстың азаматтық қорғау қызметтері мен Қызылорда қаласы және аудандардың әкімшілік аппараттары арасында өзара байланыс жүйесі ұйымдастырылды.

Жалпы Тартоғай ауылдық округінде – 464 үй, 2301 адам бар. Мал саны: Ірі қара-2887, уақ мал-6442, жылқы-926, түйе-24.

Қазіргі таңда Сырдария өзеніне Шардара су қоймасынан 200 м3 куб/с су түсуде. Оның 100 м3 куб/с Көксарай су қоймасына алынуда. Қызылорда гидробекетінен 180 шақырым жоғарыға қарай Шиелі ауданы Тоқсейіт учаскесінен бастап мұз толығымен ұстасқан.

Жалпы Қызылорда облысында «Көктем-2021» РКШОЖ өз деңгейінде басталып штаттық режимде өткізілуде.

Қызылорда облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: