Шығыс Қазақстан облысында көшеден ер адам өлі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Полицияға Абай даңғылында пышақ жарақаты бар мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде оқ жарақаты туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған», – делінген полиция хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!