Сәрсенбі, 29 мамыр, 13:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды

09.03.2023

651 0

Сурет ашы дереккөзінен алынды

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 26.09.2022 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық), 191-бабының 1-бөлігі (тонау), 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық), 58-бабының 3-бөлігі (қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау) бойынша түпкілікті 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған А. есімді азамат мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаңтар айы бойы жалтарғаны үшін 23.01.2023 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, А. есімді сотталған есепке алынғанға дейін тергеу изоляторында бірнеше ай қамауда болғанына және сот тарапынан қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындалғанына қарамастан, 2023 жылдың қаңтар айы бойы мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтарған және сол үшін оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланған.
Алайда, оған қарамастан А. есімді сотталған мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтаруын тоқтапаған және мәжбүрлі еңбекті орындауға кіріспеген.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартуы немесе дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтаруы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.

Аталған ұсынымды 13.01.2023 жылы негізінен қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.
Осыған орай, А. есімді сотталған бас бостандығын шектеу жазасының 1 (бір) 11 (он бір) ай 15 (он бес) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.
Қаулы заңды күшіне енген.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: