Жұма, 29 мамыр, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

29.05.2026

52 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Ел аманаты артылған жауапты жолды таңдап, сенімді ақтауды мұрат еткен қызметкерлердің қатары тағы бір буынмен толықты. Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға мекеме басшылығы мен жеке құрам, сала ардагерлері Ахметов Талғат Шакиұлы, Қамзаев Талғат Салықұлы және Күдебаев Данияр Жолдасұлы қатысып, мерейлі мезетке куә болды. Қайткенмен де, бұл – ойың қадап айтып, қадамың қарыштап басқан жастар үшін жаңа белес.

Иә, жас қызметкерлер сапқа қосылып, міндетті абыроймен атқаруға бел буып отыр. Ант беру рәсімінде олар елге қалтқысыз қызмет етуге, қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтауға дайын екенін білдірді. Бұл ретте, ардагерлер де төзім мен табандылықтың саладағы басты қағида екенін қаперге салды.

– Екі сөйлеудің ерге сын екенін санаға сіңіріп өстім. Сондықтан, анттағы әр сөздің түп-төркінін терең түсінгенім де рас. Қызметке қабылданғаныма қуаныштымын, бойымда әлдебір толқу барын да жасырмаймын. Арман-мақсатыма біртабан жақындағандай болдым. Енді ауыр да абыройлы жолда міндетімді мүлтіксіз атқаруға ниеттімін, – дейді Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет қатарындағы Алмазбек Бегайдарұлы.

З.Қонысжан,

№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: