Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мереке күндері 636 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

05.01.2021

891 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мейрам күндері күшейтілген режімде жұмыс атқарды. Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында  біршама жұмыстар атқарылды. 

     Мейрам күндері 34 қылмыстық құқық бұзушылық орын алып, оның 23 кезекші тәулікте ізін суытпай ашылды, ал қалғаны бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

     Облыс бойынша барлығы 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 50 тұлғаға, түнгі тыныштықты бұзған 10, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғалды.

     Сонымен қатар облыс көлемінде 493 жүргізуші жол ережесін бұзған. Атап айтқанда 110 жүргізуші жылдамдық асырған, көлікті мас күйінде басқарған 5 жүргізуші анықталды, көлікті құжатсыз басқарған 44 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөліктері айып алаңына қойылды.

     Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар атқарылды.

     Мереке күндері ішкі істер органдарына әр түрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 41 жасөспірім жеткізілді.          

     Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 39 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылса (ҚР ӘҚБтК 442-бабы), 2 жасөспірім ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды.

     Сонымен қатар 2 ата-ана тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 127-бабы).

     Қызылорда облысы аумағында өткен «Пиротехника» жедел профилактикалық іс – шарасы кезінде тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасаудың 18 дерегі анықталып, әрбір  құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау), 25 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде  (69450 т)  айыппұл салынды.

      Жалпы облыста криминогендік ахуал тұрақты.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: