Қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемесіндегі шаруашылық бөлімінде алаяқтық баптары бойынша екі сотталған азамат жазасын өтеуде. Соның бірі С есімді азамат өзінің сот үкімімен шыққан атқару парағы бойынша кесілген милллиондарын өтеу үшін жұмыс істеп жүргендігін айтты.
Ол бірнеше адамнан әртүрлі азық-түлікті арзан бағада тауып беремін деп алдын ала төлем ретінде миллиондаған теңге алып, жұртты сан соқтырған. Бұл қылмысы үшін ҚР ҚК 190-бабының 3- тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айрылған.
Қазақтың «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген сөзі рас екен. Мен бұл қылмысымды шынында да тойымсыздығымнан жасадым. Бай болғым келді. Базардағы жақсы табысымды місе тұтпай, мол олжаға кенелгім келді. Күнделікті көтерме бағамен күріш, сабын алып кетіп жүрген «тұтынушыларыма» камазбен алатын болсаңыздар арзан бағада тауып беремін деп айтып едім, келісе кетті.
Есептесттік. Бірнеше милллондарды санап, алдын ала беріп қойды. Бірақ қоймада айтылған мөлшердегі күріш те, сабын да болмай шықты. Барын бердім де, қалғанын түсіп жатса бірден хабар айтармын, күте тұрыңыздар деп шығарып салдым. Олар тоғыз айға жуық күтті. Менің өтірік уәдемнің шегі болмады. Ақырында сотқа берді. Міне, енді сол «аялақтығымның» өтеуін өтеп осында отырмын.
Бірінші рет және бес жылға дейінгі жаза мерзімге байланысты осы тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылдым. Кір жуушы әрі моншашы болып жұмыс істеймін. Еңбек ақымның жарты бөлігін сот шешімімен шыққан берешегіме ұстап қалады. Бұған да шүкір деймін. Үш жылымды өтедім, алда әлі екі жылым қалды. Жалпы бұл жылдар мені өзгертті. Адалдық туралы көп ойланатын болдым. Адал ақша табамын деп, базарда алғашқыда арба айдап, жүк тасығанмын. Содан әйеліміз екеуміз маңдай термн ақша жинап контейнер алып, жалдамалы сатушы болдым. Табысым отбасымды асырауға жететін. Көрмейсіз бе? Соны місе тұтпай, оңай олжа табамын деп орға жығылдым. Бостандыққа шыққан соң адал еңбек еткім келеді, – деп бір өкініш, бір үмітімен бөлісті 37 жастағы сотталған азамат.
Қандай болған күнде де, алаяқтықтың үлкен – кішісі болмайды, «суайттардың» уәделеріне сеніп,қаншама адам зиян шегуде. Адамдар ауызша берілген кепілген сеніп, бейтаныс адамдармен түрлі мәмілелерге отыруға даяр болады, ал алаяқтар болса бұл жағдайларды өз пайдаларына асырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!