Жұма, 26 сәуiр, 14:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Жұмысқа тұрғызып және жер алып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды

13.04.2021

1486 0

 12 сәуірде Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған.

 Арызда ол желтоқсан және қаңтар айларында танысы сеніміне кіріп, жолдасын «жұмысқа тұрғызып беремін» және «қала көлемінен жер алып беремін» деп жалпы соммасы 750 мың теңге ақшасын алдап алған алаяқтың арбауына түсіп, құрбаны болғанын көрсеткен. Алаяқ осы уақытқа дейін уәдесін орындамай, ақшаны да қайтармаған.

 Қызылордалық полицейлердің жедел іздестіру шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол қала орталығының тұрғыны екені белгілі болды.

 Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: