Жұма, 26 сәуiр, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер қайырымдылық акциясын өткізді

20.03.2021

1151 0

   Наурыз-жаңару мерекесі, халықтың бірлігі, сондықтан адамдар бірігіп, мұқтаж жандарға және жақын адамдарға көмек қолын созуда.

   Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп, осындай игі істердің  үнемі бел ортасында жүреді. Бүгін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ұжымы
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестірді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтардың бұл бірінші қайырымдылық шарасы емес.

   Қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бөрібаев Сәкен Бөрібайұлы: «Наурыз-көптен күткен көктемгі жаңару мерекесі. Дегенмен, барлық шұғыл қызметтер, соның ішінде полиция қызметкерлері демалыс күндерін азаматтардың қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жұмыста өткізеді. Осындай қиын кезде қолда барымен бөлісу, қолдау беру – нағыз адамгершіліктің белгісі деп білемін».

Отбасылар өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Әрине, қайырымдылық-бұл қиын уақытта қамқорлық пен қолдаудың көрінісі, ол адамнан адамға жақсы ниеттер мен адамгершілік құндылықтарды көрсетеді. Сондықтан, полицейлер атап өткендей, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету алдағы уақытта да жалғасатын болады.

        Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: