Жексенбі, 12 мамыр, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Полиция инспекторлары мектеп оқушыларына жиналыс өткізді

16.11.2023

522 0

Арал аудандық пробация қызметінің қызметкерлері  мен аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары Шижаға ауылындағы №57 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. 
Кездесудегі мақсат: кәмелет жасқа толмаған жастардың  құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Кездесу барысында ювеналды полиция инспекторлары мен пробация қызметкерлері  тарапынан мектеп оқушыларына құқықбұзушылықты алдын алу және кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды.
Бос уақытты тиімді өткізуге, кешкілік уақытта бей-берекет далада жүрмей тәртіп сақтауға шақырды. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ойланбай істеген әрекеттері үшін ата-аналары жаза немесе айыппұл арқалайтынын да айтылды.

Кездесу соңында  оқушылар  құқық қорғау қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды. Бұндай  кездесулерді жиі өткізу, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға оң ықпалын тигізетінін анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: