Сейсенбі, 07 мамыр, 17:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жоба

21.09.2023

332 0

Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында қауіпсіздігі барынша төмен 37 мекемесінен Б.есімді сотталғанды шығарып салу шарасы өтті.

Шараға Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары,Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері шақырылды.

«Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.

  • Сотталған азамат абайсызда жол көлік оқиғасын жасап, сот үкімімен 6 айға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп, бүгін бостандыққа шығып жатыр.Түзеу мекемесінен босап шыққан азаматтарға жұмыс табу оңай емес. Сондықтан сала мамандарын шақырып, бостандыққа шыққан соң, қайда бару қажеттегі туралы ақпараттар берілді,-деді әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: