Жексенбі, 28 сәуiр, 05:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол

15.05.2023

571 0

Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымының  атынан    пробация қызметінің бастығы әділет полковнигі  Д.Садуақасов және пробация қызметінің  аға инспекторы әділет капитаны  Г.Байсариева    Қызылорда   қаласындағы «№1  Қызылорда арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіне  барып, қарттарға   әнші Хадиша Сеитованың  «Ән-Хадиша»  атты ән- кешіне  15 дана тегін билет тарту етті.
      Сонымен қатар,  пробация қызметінің бастығы әділет полковнигі  Д.Садуақасов қарттармен сұхбаттасып, жылы лебізін білдірді.Тағдыр тауқыметін тартқан кісілерге құрмет көрсету арқылы кейінгі жас ұрпақты мейірімділікке үндейміз. Қазіргі қарттар үйі әлеуметтік қорғаудың жаңа талабы бойынша жұмыс істеп жатқанына көз жеткізіп қайтты.
Бұдан өзге,  «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің   директоры Жанат Тулепбергеновнамен кездесіп,  мекемеге келуші  ардагерлерге  арнап, жақсы көңіл күй  сыйлау үшін,  жоғарыда аталған «Ән-Хадиша»  атты ән -кешіне  15 дана тегін билет тарту етіп, алғыс алып қайтты. Осы тектес  іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: