Жексенбі, 28 сәуiр, 23:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қазалыда пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілді

27.09.2021

465 0

Қайырымдылық көмек жасауды игі дәстүрге айналдырған Қазалы аудандық пробация қызметі бұл жолы «Халық» қоғамдық қорымен және аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімімен бірлесіп, пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен төрт отбасыға азық-түлік таратты.

Халқымызда «Қайырымдылық – қайырлы іс» деген даналық сөз бар. Қоғамдық қорлармен, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімімен бірлесіп, пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін әкеліп, қайырымдылық көмек көрсетіп келеміз. Жыл басынан 10-нан астам отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Әлеуметтік –құқықтық көмектің нәтижесінде жұмыссыз жүрген 12 сотталған азаматты жұмысқа орналастырылды. Ал бес сотталған мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке кәсібін ашты»,-деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: