Жұма, 27 желтоқсан, 04:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаментінде дөңгелек үстел өтті

15.05.2024

663 0

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қатысты заңсыз әрекеттерге, азаптауларға және өзге де қатыгездікке жол бермеу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге облыс прокурорының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Алмас Махмут Ахтанұлы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Шарипбаев Даурен Сақтапбергенұлы, түзеу мекемелерінің бастықтары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Аталған шараның мақсаты- түзеу мекемелерінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарымен заңды мүдделерін сақтау, азаптаулардың, азаптауға немесе өзге де заңсыз әрекеттерге жол бермеу.
Жиын барысында
ҚАЖ қызметкерлеріне арнайы контигентпен  қызмет барысында  өз құқықтарыңызды да сотталған азаматтардың құқықтарын заң аясында сақтап, сотталғандар тарапынан құқықбұзушылықтар жасалған жағдайда тек заң шеңберінде шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ түзеу мекемелерінің жаппай бейнекамералармен жабдықталуы азаптаудың алдын алуға және сотталғандардан түсетін арыз шағымдардың азайуына мүмкіндік береді. Облыстық түзеу мекемелерінде азаптау фактілері бойынша оқиғалар орын алмаған .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: