Сенбі, 06 маусым, 01:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 (2254)
06.06.2026
PDF мұрағаты

Ұрпақ саулығы басты назарда

06.06.2026

24 0

Сурет: Ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда Сыр өңіріндегі 322 мыңнан астам бүлдіршіннің денсаулығы дәрігерлердің басты назарында. «Әрбір бала – еліміздің ертеңі»  деген қағиданы ұстанған өңірлік дәрігерлер жас ұрпақтың әл-ауқатын жақсарту жолында жүйелі жұмыстарды жүр­гізуде. Аймақта балалар денсаулығын сақтау және оларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру – басты назарда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің орталық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова атап айтты.

Балаларға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында өңірде 29 стационарлық мекеме, 24 амбулаториялық-емханалық ұйым, 101 дәрігерлік амбулатория, 29 фельдшерлік-акушерлік пункт және 93 медициналық пункт жұмыс істейді.

– 2026 жылдың алғашқы бес айында облыста 5 832 нәресте дүниеге келді. Бұл көрсеткіш өңірдегі демографиялық өсімнің тұрақты екенін аңғартады. Балаларға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандарымен бірлескен тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, оңалту қызметтері кеңейтілуде. Сонымен қатар өңірде ерте араласу орталықтары мен ерте дамыту кабинеттері жұмыс істеп, мыңдаған бала қажетті қызметтермен қамтылуда. Сондай-ақ аймақта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес «Балаға мейірімді аурухана» қағидаттары кезең-кезеңімен енгізілуде. Осы бағытта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары қарқынды. Бұдан бөлек, Балалар құқығын қорғау комитетімен бірлесіп, ерте дамыту және ерте араласу қызметтерін жетілдіру мақсатында Португалияның жетекші мамандарының қатысуымен өңірдің 40 маманына арналған арнайы оқыту тренингі ұйымдастырылған, – деді Мая Миранбайқызы.

Сыр өңіріндегі жетістіктер медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың нәтиежесі. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, жас мамандарды қолдау дәстүрге айналған. Материалдық техникалық база да заман талабына сай жаңарып келеді. Аймақ дәрігерлерінің қажырлы еңбегі мен жаңашыл бастамалары өңірдегі әр баланың жарқын болашағына деген сенімді нығайта түседі.

Нарқыз БЕКМЫРЗА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің І курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: