Сәрсенбі, 01 мамыр, 18:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қорғаста қыздарды құлдыққа салғандар ұсталды

30.10.2023

380 0

Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ аумағындағы сауықтыру орталығы мен қонақүй кешенінде заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл нысандар тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдіктерді қабылдап отырған.

Қылмыстық «бизнес» жоғары пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған.

«Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдікті ұстады. Сондай-ақ, интим қызмет көрсеткен 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел бар. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.  Жетісу облысының полиция департаменті соталды тергеп-тексеруді жүргізеді», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: