Дүйсенбі, 24 маусым, 14:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Құқық қорғау саласының ардагерлері ұлықталды

30.09.2021

684 0

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті отырысында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, қарияларымызға құрмет көрсетеліп келеді. Айтулы күнге орай қызылордалық полицейлер де қарттарымызды ұлықтауға асықты.

Басқарма бастығының бірінші орынбасары Азамат Оспанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмағанбетов Жақсылық, кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Мақсат Садыбеков елеулі еңбегі бар Төлеш Әлиев, Серік Есмағанбетов және Абдулла Мұхтаров қарт ардагерлерімізді үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты.

Олар өз кезегінде Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік, тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарды мерекелерімен құттықтап, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдіріп, басқарма бастығының атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

«Құқық қорғау саласында аянбай еңбек етіп, зейнетке кеткен полицейлеріміз – бүгінгі күні ардақты ардагерлер. Олардың осы қызмет жолында біздерге көрсетер үлгі-өнегелері өте көп. Қызметтегі әрбір жетістігіміз осы жандардың көрсеткен бағыт бағдарымен» -, деп Азамат Айдуллаұлы ерекше ыстық лебізін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: