Сенбі, 04 мамыр, 03:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Есірткі сақтағаны үшін 3 жарым жыл арқалады

07.10.2023

177 0

Есірткі сақтағаны үшін қызылорда­лық азамат үш жарым жылға бас бос­тандығынан айырылды. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Полиция департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, полицейлер қала тұрғынының пәтерінен есірткі заттарын тапқан. Сараптама нәтижесімен табылған заттар 3 кг 405 гр марихуана, 6,57 гр гашиш және 3,65 гр қара сора тұқымдары екені анықталған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қыл­мыс­тық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен айыпталушы үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек оған сот сараптамаларының жүргізілген­ді­гі үшін мемлекет кірісіне 159 262 теңге және жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы төлеу міндеттелді.

Синтетикалық препараттар сақтаған азамат сотталды

Қалалық сот синтетикалық есірткі затын сақтаған 21 жастағы азаматқа үкім шығарды.

Күдік тудырған жас жігіт өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығындағы  мөлтек аудандардың бірінде ұсталған. Анық­талғандай оның пәтерінде өте үлкен мөл­шердегі синтетикалық препараттарға жа­татын 411,61 гр психотроптық заттар болған. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, ол дәрі-дәрмектерді өзіне пайдалануы үшін сақтаған.

Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Жасын ескере отырып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкіміне сәйкес оған үш жылға бас бос­тандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызметтік иттердің көмегімен

46 қылмыс ашылды

Биылғы 1 маусым – 30 қа­зан аралығында республика көлемін­де өтіп жатқан «Қарасора-2023» жедел-про­филактикалық іс-шарасы бойын­ша облыс орталығына және басқа об­лыс­тармен шекаралас Арал және Жаңа­қор­ған аудандарына бекеттер қойылып, екі ауысыммен есірткі затын анықтау мақ­сатында жұмыстар жүргізілуде.          

Аталған бекеттерде кинолог мамандар өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен бірлесіп, есірткінің заңсыз айна­лымына қатысты қылмыстық құқық бұзу­шылықтарды анықтау мақсатында қызмет атқаруда. Соның нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 22 қылмыс анықталып, айналымнан 26 кг 458,34 гр  «марихуана» тәркіленді. 

Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері  жүргі­зілуде. Жалпы жыл басынан бері қызметтік іздестіру иттерін қолдану арқылы 46 қыл­мыс ашылды. Олар негізінен ұрлық және есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар.

Әзірлеген А.СЕЙІЛ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: