Сенбі, 20 сәуiр, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қылмыстық топ ұсталды

12.11.2022

711 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңға қайшы іс-әрекетін анықтау және оның жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Комитеттің баспасөз қызметі ұзақ уақыт зерттеу нәтижесінде «А» арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдырып, Қызылорда мен Аралдан өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталғанын хабарлады.

Комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей 18 қазанда өткізілген шараны арнайы мақсаттағы қызмет пен прокуратура іске асырған.

– Ұстал­ғандардың қатарында транс­ұлттық қылмыстық ұйымдар­дың топ бас­шы­ларына бағынышты және со­лар­дың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар, – деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қолда бар деректерге сүйенсек, топтың әр мүшесінің өзіне жүк­телген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті ше­шімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыста» қабылдап тұрған. Олардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар тәркіленген.

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаржыландыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Нә­тижесінде ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарларын бұғаттады.  Трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті жою бойынша іс-шара жалғасуда.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: