Бейсенбі, 02 мамыр, 08:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған азаматқа түсіндірме жұмысы жүргізілді

09.08.2023

333 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметтерінің есебінде 1000-ға жуық сотталған тұрады. Осы тұлғалармен қайта қылмыстың алын алу мақсатында пробация қызметінің инспекторлары профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізеді. Әлеуметтік-құқықтық және медициналық көмекті қажет ететін тұлғаларға көмектер беріледі. Бүгін қалалық пробация қызметінің есебіне алынған С.есімді азаматқа пробация инспекторы әділет капитаны Самрат Спанов сот қаулысымен жүктелген міндеттерді, жаза өтеудің тәртібі мен міндеттерін түсіндірді.

Бұл азаматқа Қызылорда қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 293 бабының 3 –бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

-Бұзақылық жасап, жазамды алдым. Өкінішім де бар. Бүгін пробация үйіне келіп тіркелдім.Пробация қызметкері заң шеңберінде жаза өтеудің тәртібін түсіндірді. Өз-өзіме қайта қылмыс жасамауға, жұмыс жасап отбасыма көмек көрсетуге уәде бердім.Бұл да сынақ шығар,қылмысқа барудың соңы жақсылықпен аякталмайтынын түсіндім»-деді есепке алынған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: