Жұма, 19 сәуiр, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Жоғалып кеткен қыз өлі табылды

20.06.2021

549 0

Қызылордада жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды. Бағдатқызы Замираның іздестіру жұмыстарына барлық қалалық Полиция басқармасының 300-ге тарта қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, барынша атсалысты.

«Бүгін, 20 маусым күні жергілікті уақыт сағат 14:00 шамасында үйінен шамамен 2 км жерде Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан жасөспірім қыздың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Кәмелет жасына толмаған қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу әрекеттері басталды. Тергеу әрекеттері Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында.Жасөспірім қыздың ата-анасына, барша туған-туыстары мен бауырларына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерінің атынан қайғырып көңіл айтамыз» делінген мәлімдемеде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: