Жұма, 19 сәуiр, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада полицейлер ізін суытпай кісі өлімін ашты

30.03.2021

2018 0

Алкогольдік ішімдікті асыра пайдалану азаматтарға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаудың басты себептерінің бірі. Есін жиған қылмыскерге жасаған қылмысының себебін түсіндіру қиынға соғуы әбден мүмкін.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде облыс орталығының екі тұрғыны спирттік ішімдікті мөлшерден тыс пайдалануы қайғылы жағдайға әкеп соқтырды.  

          Ішімдік ішкен екі азамат жанжалдасып, салдарынан олардың бірі  екіншісінің аяғына пышақ жарақатын салған. Соңғысы оқиға орнында қайтыс болды.

Күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстап, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізді. Тергеу барысында оның бұрын сотталған, қаланың жұмыссыз тұрғыны екені анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Сот сараптамалары тағайындалды.  

     Қазіргі уақытта, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана өлім келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін сот шешімімен сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.   

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: