Бейсенбі, 28 наурыз, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі азамат жер тыңайтқышын көбейту негізінде қайтарымсыз грант ұтып алды

17.03.2023

662 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі.
Жуырда Қазалы аудандық пробация есебіндегі көпбалалы әке «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, жер тыңайтқыштарын көбейту бойынша бизнес жобасын дайындап, 1млн 380мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.
– Мемлекет тарапынан біз секілді азаматтарға қолдау көрсетіп, қайтарымсыз грант бөлініп жатқандығы бизнес жобамыздың жандануына септігін тизгізгеніне өте қуаныштымын. Алдағы уақыттағы басты мақсатым- қаламызға пайдам тиіп, жер тыңайтатын құттарды көбейтіп, кәсібімді жандандырсам, – дейді сотталған азамат.
– Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз гранттарға пробация есебіндегі азаматтар да белсенділік танытып, бизнес жобаларын дайындап комиссия мүшелеріне ұсынуда. Солардың ішінде екі сотталғанның бизнес жобасы мақұлданып, мемлекеттен қайтарымсыз грант берілді. Олардың бірі жартылай фабрикатты өнім шығаратын аппаратын алуды жоспарласа, екінші жер тыңайтатын құрттарды көбейтуді қолға алып отыр. Жаза басып жаңылған азаматтардың жеке кәсіпке бет бұруы бізді де қуантады»,-деді аудандық пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: