Сенбі, 27 сәуiр, 14:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлеріне «Абай-қазақ тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында іс –шара өтті

10.08.2023

353 0

Кестелі сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тіл маманы Д.Достанованың ұйымдастыруымен №37 мекемесінде «Абай-қазақ тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында іс –шара өтті. Шараға мекеменің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында қызметкерлерге қазақ ақынының өмірі мен шығармашылық жолы мол мағұлмат берілді. Шараға белсене қатысқан қызметкерлердің бірі ұлы ақынның өлеңдерін оқып жатса, енді бірі қарасөздерін айтып, мән – мағынасына тоқталып өтті. Тәрбие бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова ақынның «Сегіз аяқ» өлеңін оқыса, әділет капитаны Мерей Табылғанова ақынның қара сөзін жатқа айтып, бақылаушылар қызметінің бастығы әділет майоры Жандос Әбдіқайыров «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Одан соң ақын туралы сұрақтарға жауап беріп, Ұлы ақын туралы өз ойларын ортаға салды.

– Абайды тану әрбір қазақтың міндеті деп ойлаймын. Ақын шығармаларында сол заманғы халықтың жалқаулығы мен енжарлығын, қараңғылық пен нанадандықты, менмендік пен мансапқорлықғын сөз етіп, ауыр болса да жеткізуге тырысты. Қазақ халқы үшін еңбегі еш өшпейтін, адамзаттың жүрегінде төрден орын алатын, тәлім тәрбиемізге өз үлесін қосқан, ұлы тұлғаның ұлағатты өмірінен рухани нәр алдық – дейді әділет аға лейтенанты Айнұр Абрашитова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: