Сенбі, 27 сәуiр, 21:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

30.09.2021

634 0

2021 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 09:20 шамасында Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 21 тамыз 2020 жылы өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: