Сейсенбі, 12 қараша, 20:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Сексеуілді рұқсатсыз кескен ауыл тұрғыны ұсталды

19.04.2021

1519 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес,  ағымдағы жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты- табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын-алу, анықтау болып табылады.

Сексеуілді рұқсатсыз кескен ауыл тұрғыны ұсталды

          Жедел профилактикалық іс-шара аясында 17 сәуір күні 48 жастағы аудан тұрғының басқаруындағы «Зил» маркалы жүк көлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 3 куб көлемінде заңсыз кесілген сексеуіл  бұталары анықталды.  

          Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігі бойынша (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: