Бейсенбі, 29 ақпан, 13:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар мекеме асханасында жұмыс істейді

05.12.2023

299 0

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде 800-ден астам сотталған азамат жазасын өтеуде. Бұл жаза мерзімін өтеушілерді күніне үш мезгіл тамақтандыру оңай емес. Осыған сәйкес 20 сотталған азамат мекеменің асханасында келісім шарт бойынша жұмыс істейді. Олар сот шығыны бар болғандықтан жұмыс жасауда. Тіпті, арасында кәсіби аспаз да бар.

  • Осы жылы бас бостандығымнан айырылып, мекемеде жұмыс істеуге өтініш жаздым. Өтінішім қанағаттандырылып, қазір 800-ден астам сотталғанға күніне үш мезгіл ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақ дайындаймыз. Сотталғанға дейін түрлі мейрамханада аспаз болып жұмыс істегендіктен, бұл жерде тамақ дайындау әдеттегі іс. Әрине, мейрамханадағыдай стейк пісірмесем де, әзірлеген борщ, ботқаларым бәріне ұнайды. Әрбірімізге түрлі сәлем-сауқат келіп жатса да, барлығы біз дайындайтын ыстық тағамды күтеді. Ас мәзірінде ет тағамдары да, құс тағамдары да бар. Таңғы асты дайындап, таратып болғаннан соң, түскі асты дайындауға кірісеміз. Одан кейін кешкі асты әзірлейміз. Осылайша күніміз тез өтіп, бостандыққа шығатын уақытымыз да жақындап жатыр, – дейді жазасын өтеуші.
    Мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлының айтуынша, мекеменің асханасында санитарлық талаптар қатаң сақталып, аспаздар үнемі медициналық тексерістен өтіп тұрады.
  • Дайын болған асты мекеме дәрігері мен кезекші тексеріп, сынама алады. Содан кейін ғана тамақ жазасын өтеп отырған азаматтарға таратылады. Денсаулығы нашар азаматтар үшін де ыстық тағам дәрігерлер тағайындаған тізімге сай беріледі. Олардың асы бөлек дайындалады. Ас мәзірінде жеміс-жидек, балық және сүт өнімдері бар, – дейді мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы.

Жалақы жұмысшыларға уақытылы төленеді. Ол ақшаны жақындарына жіберуге, мекеме дүкенінен қажеттіліктерін алуға және сот үкіміне сәйкес шығындарын өтеуге жұмсай алады.


Адина Ұзақбай,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: