Жұма, 14 маусым, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар жұмыспен қамтылуда

26.10.2023

374 0

Жазасын өтеушілерді мекеме қабырғасында еңбекке тарту белгілі бір кезеңде жүзеге асады. Олар еңбек ету арқылы мемлекетке, сот орындаушысы немесе жәбірленушіге берешегін өтесе, қарызы жоқ еңбек етуші жалақысының жартысын отбасына жіберіп, қалған бөлігін өз қажеттілігіне жұмсайды.
Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында он төрт кәсіпкер кәсібін ашып, мерзімін өтеуші азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі – РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы. Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталушы екі ауысыммен тәулігіне 500 граммнан шамамен 1000-1500 дана нан пісіріп, №60, №68, №37 мекемелеріне үлестіріліп береді.
– Бұл цехта наубайшы болып еңбек етудемін. Бір ауысымда екі адам жұмыс жасаймыз. Жалақымыз тындырған ісімізге байланысты тұрақты түрде төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Бастапқыда бұл істің жай – жапсарын білмедім. Қазір өз ісімнің маманымын,- деді жазасын өтеуші.
Жұмыспен қамтып отқан кәсіпкер тапсырыстың көптігіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлер санын арттыру жоспарда бар екенін айтып, қоластындағы қызметкерлерің еңбегіне ризашылығын білдірді.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: