Жұма, 03 мамыр, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарға білім беретін ұстаздарға құрмет көрсетілді

04.10.2023

448 0


5 қазан -Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны аяулы ұстаздардың мерекесі. Айтулы мерекеге орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілерге білім беріп жүрге ұстаздарға құрмет көрсетілді. Мекеме бастығы Айбол Тимурұлы ұстаздарды мерейлі мерекемен құттықтап, ақ тілегі мен жылы лебізін білдірді. Мерейлі мерекеге орай Қызылорда қаласы әкімінің алғысхатын мекеме бастығы Айбол Тимурұлы табыстады.

  • Ұлағатты ұстаздар, осы сәтті пайдаланып, Сіздерді келе жатқан мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген құрметіміз ерекше. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық қашанда мәртебелі мамандық. Шәкірт тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Мәртебелеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болсын!!!,-деді мекеме бастығы Айбол Тимурұлы.

Бүгінде Шиелі аудандық кешкі мектептің 11 мұғалімі осы мекемедегі орта білімі жоқ 8 сотталғанға білім беруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: