Жексенбі, 28 сәуiр, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күн талабы

11.10.2023

750 0

Жемқорлық жайлаған елде экономикалық өсім болмайды, заңның үстемдігі сақталмайды. Бұны дәлелдеудің өзі артық болар. Ал, қылмысқа бел буғандар ойлаған ниетін адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса аталған қылмыстық зардабы еселене түседі. Еліміздің құқық жүйесінде сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды әшкерелеудің түрлі тәсілдері қарастырылған. Бұл санаттағы қылмысты жасағандарға жаза да тым ауыр. Дегенмен, қулығына құрық бойлатпайтындар әлі де табылып жатыр. Қаншама адамды өздерімен бірге қылмыс құрбанына айналдыруда. Қу құлқынды ойлағандар жанындағылардың темір торға тоғытылғанын көріп тұрсада тоқтамауда. Бір өкініштісі сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды көп жағдайда лауазымды адамдардың жасауы. Мұндай шерменде болған бабаларымыз «ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер» дейді.     

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас  жемқорлық екені  барлығына  белгілі. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына, құқық принциптерінің орнығуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшысының, ел азаматтарының міндеті екендігі  көрсетілді. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

 Жалпы, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес  жіті қолға алынған болатын. Соған қарамастан бұл індет қоғам өмірінде анда-санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас.

Сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігі-оның көпшілікке жария етілмеуінде. Өйткені, ол екіжақты «құпия мәміле» ретінде іске асырылғандықтан, оның ашылуына екі тарап та мүдделі болмайды. Үлкен әлеуметтік қасірет саналып отырған қылмыстың бұл түрі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты алаңдатуда. Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа  адамдардың заң талаптарын  білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын  көпшілік ескере бермейді.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы дертпен күресу болып табылады.

Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат  қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтылармыз деп санаймын. Жемқорлық болашағымызға балта шабады. Түйіндей айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы.Сыбайластардың сұғанақтығынан, жемсауын ғана ойлаған жемқорлардың арам пиғылынан еліміз әрқашан адал болсын!

Н.Ибраев

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының аға приставы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: