Жексенбі, 13 қазан, 04:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Диетолог қан қысымын төмендететін көкөністерді атады

28.04.2024

479 0

Сурет: massaget.kz

Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Наталья Денисова тәтті бұрыш пен шикі қызылша шырыны қан қысымын төмендетіп, капиллярларды нығайтуға көмектесетінін айтты, – деп хабарлайды  health.mail.ru

«Денсаулықты жақсарту үшін күніне жарты тәтті бұрыш жеу жеткілікті. Ол калийге, С дәруменіне және сирек кездесетін Р витаминіне бай, олар капиллярлардың – ұсақ қан тамырларының беріктігін арттырады», – деді дәрігер. 

Гипертонияға арналған диетаға қызылшаны да қосу керек. Күніне бір стақан қызылша шырынын ішу оның құрамындағы нитраттардың арқасында гипертониямен ауыратын науқастардың қан қысымын төмендететіні дәлелденді.

Сонымен қатар гематолог Александр Серяков гиперкоагуляция синдромы неліктен пайда болатынын және оның қауіптілігі қандай екенін түсіндірді.

«Медицинадағы «гиперкоагуляция синдромы» – бұл қанның тез ұйып қалуы, оның қоюлану жағдайы. Бұл синдромы бар науқастар тромбозды сезінуі мүмкін, бұл инфарктқа немесе инсультке әкелуі ықтимал», – деді дәрігер.

Қан қоюланған кезде адамда: бас ауруы, аяқ-қолдардың ұюы, көру мен естудің нашарлауы, қатты ентігу, мазасыздықтың күшеюі, ұйқышылдық және бұлшықет ауыруы мүмкін.

Гиперкоагуляциялық синдром әртүрлі факторларға байланысты туындайды. Мысалы: артық салмақ, жаман әдеттер, күйік және айтарлықтай гипотермия, стресс, генетикалық бейімділік және т.б.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: