Сейсенбі, 11 ақпан, 05:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10,2123
08.02.2025
PDF мұрағаты

Такси жүргізушісі жолаушыны тонап кеткен

10.02.2025

71 0

Фото: instagram.com/polisia_kostana

Қостанайда такси жүргізушісі жолаушыны тонап кеткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға түнде қаладағы шағын ауданның бірінде болған. Облыстық полиция басқармасының  хабарлауынша, жүргізуші шақыртылған мекен-жайға досымен келген. Олар сапар барысында жолаушымен жанжалдасып, көліктен түсіп ұрып-соққан. 19, 22 жастағы қала тұрғындары жолаушының құны 650 мың теңге тұратын телефонын тартып алған. 

Полиция істі тергеу барысында күдіктілердің телефонды бөлшектеп 100 мыңға сатып жібергенін анықтаған. 

«Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», делінген полиция хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: