Бейсенбі, 21 қараша, 23:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

«Тарихымды танып білгім келеді» танымдық –рухани экскурсия өтті

15.09.2021

537 0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен «Жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тарихымды танып білгім келеді» тақырыбында аудан жастарына экскурсия жүргізді.

Экскурсияға тарихқа қызығушылығы жоғары аудан көлеміндегі жастар және аудандық пробация қызметі есебіндегі азаматтар қатысты. Есептегі азаматтар ортағасырлық қалалардың тарихымен, сәулет өнерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Жаңақорған ауданындағы көне орындар Хорасан Ата, Төлегетай, Қылышты Ата, Ақтас (Айқожа Ишан) кесенелері мен Сығанақ, қалашықтарының тарихына қанығып, мол мағлұматтар алды. Қасиетті адамдарға тұрғызылған кесенелер де жастарды бей-жай қалдырмады. Аңыз әңгімелер сотталған азаматтарды сол ғасырларға ойша апарып тастады десек, артық айтқандық емес.

«Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» – дейді халық даналығы. Бүгін мен тарихи мәні терең көне қалалардың бірі –Сығанақ , Сауран қалашығы туралы мол мағұлмат алдым. Көне деректерде Сауран қалашығының өркендеп дамыған шаһар, ғаламат қамал болғанын, қолөнер ісі қарқынды жүргізілгенін де білдім. Тарихты білу біздің міндетіміз, өскелең ұрпаққа та туған жердің тарихын білуі тиіс деп есептеймін. Экскурсия барысында сол тарихи кезеңдерде жүргендей сезіндім. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз» дейді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: