Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

05.03.2022

455 0

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторында  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі салтанатты кеш өтті.

   Мерекелік жиында  алғаш сөз алған ҚАЖ департаментінің бастығы Ш.Есенкелдиев барша нәзік жанды қыз – келіншектерді төл мейрамдарымен құттықтап, жеке құрамның аналарына  «Офицердің анасы» медалін тапсырды. Аналарға  нағыз офицер мен Отан сүйгіш, Қазақстанның лайықты азаматтарын тәрбиелегендері үшін алғысын білдірді.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев  аса жауапты қызметті адал әрі кәсіби шеберлікпен жоғары деңгейде атқарып келе жатқан мекеме  қызметкерлері  мен ардагер әйелдерді және салтанатты шараға арнайы шақырылып, мекеме қызметіне үлесін қосып жүрген  әр сала қызметіндегі нәзік жанды азаматшаларға ризашылылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

«Мен ұлым, Нұрсұлтанның осы саланы таңдап ел қауіпсіздігін сақтау жолында еңбек етіп жүргендігін мақтан тұтамын. Ерте кетіп, кеш келетін қиындығы басым тергеу изоляторы қызметіндегі отбасымыздың азаматын, әрдайым қолдап отырамыз. Балам мектеп пен жоғарғы оқу орнын  үздік оқып бітірді. Өмірден өз орнын табу үшін аналық мейірімімді төгіп, қамқорлық жасадым. Бүгінгі кеудеме  тағылған « Офицердің анасы» атты медальім сол еңбегімнің өтеуі деп білемін», – деді жасақ бастығы, әділет лейтенанты Ниязов Нұрсұлтанның  анасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: