Бейсенбі, 10 қазан, 09:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Түйе ұрлаған тұрғын ұсталды

04.04.2021

1615 0

01 сәуірде  Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Аралқұм ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 1 бас түйесін ұрланғандығы туралы шағым түсті. Мал иесіне 700 мың теңге көлемінде залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті 41 жастағы Арал  ауданының  тұрғыны анықталды.

Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 1-бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: