Бейсенбі, 28 қараша, 13:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Тұрғындарды арбауына түсірген алаяқ ұсталды

17.09.2021

859 0

14 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындары келіп, алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған.

Жәбірленушілердің айтуы бойынша өздеріне жақсы таныс емес азамат мамыр – кыркүйек айлары аралығында «жүргізуші куәлігін алып беремін және жұмысқа орналастырамын», – деп әбден сендірген. Алаяққа сенген тұрғындар 1 миллион 200 мың теңге ақшасын беріп, жер сипап қалған. Арада 4 ай уақыт өтсе де берілген уәде орындалмаған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, 29 жастағы қала тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.

Күдікті оңай жолмен ақша табу мақсатында жәбірленушілерді арбауына түсіріп, алаяқтық жасаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: