«Дені сау адам – қоғамның басты байлығы»- дей келе Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай жазасын өтеушілер арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыру, сондай-ақ олардың ұйымшылдығы мен өзара сыйластық қарым-қатынасын нығайту болды.
Спорттық сайыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен төзімділігін сынға салып, жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Осындай тәрбиелік және спорттық іс-шаралар жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың бойында тәртіптілік, жауапкершілік және салауатты өмір салты қағидаларын қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
