Бейсенбі, 07 қараша, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Үй тонаған ұры ұсталды

25.02.2021

1364 0

Ақпан айының 23 күні сағат 18:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арыз түсті. Арызданған азаматша 16-22 ақпан күндері аралығында белгісіз біреулер үйінде ешкімнің болмағанын пайдаланып, үйге пластик терезені сындырып кіріп, су моторын және қорасынан 300 дана престелген шөбін алып кетіп, 250 мың теңге көлемінде залал келтіргенін көрсеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті 47 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Үйге ұрлыққа түскен азамат мотор мен престелген шөпті көлігіне тиеп алып кеткендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігімен (Үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: