Сенбі, 28 желтоқсан, 03:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұрлық жасамақ болған азамат оқиға орнында қолға түсті

27.01.2021

1520 0

Қызылордалық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен қылмыстарды ізін суытпай ашуда. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді тұлғаларды жедел тексереді.

Мысалы, 24 қаңтар күні түнгі кезекшілікке түскен бейнебақылаушы инспектор кешкі уақытта  белгісіз азаматтың көпқабатты үйлердің бірінің алдында тұрған  3-4 автокөліктің есігін тартып,  техникалық құрал – саймандарды пайдалана отырып, ұрлық жасауға әрекеттеніп жүргендігін байқайды.

Инспектор дереу байланыс құралы арқылы  патруль бекеттеріне хабарлама береді. Хабарлама бой    ынша жеткен патрульдік полиция қызметкерлері күдікті азаматты оқиға орнында ұстайды. Күдікті  азамат «Тойота» маркалы автокөлік есіктерінің ашық қалғанын пайдаланып, ұрлық жасамақ болған.  

Оқиға орнында ұсталған 25 жастағы бұрын сотты болған азамат облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Күдікті азаматтан айғақ заттар алынды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: