Бейсенбі, 30 мамыр, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Уәде берген тағы бір алаяқ ұсталды

15.04.2021

1238 0

13 сәуірде облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған. Арызында танысы сеніміне кіріп, өткен жылдың желтоқсан айында 500 мың теңге көлемінде сыйақыға жұмысқа орналастыруға уәде бергенін көрсеткен. Алайда, танысы уәде еткен жұмысқа орналастырмаған және ақшасын да қайтармаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен күдікті анықталып, ұсталды. Ол 34 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: