Жұма, 29 наурыз, 03:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

07.04.2021

1483 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, «Уылдырық-2021» атты жедел-профилактикалық  іс-шарасын жүргізуде.

Іс-шараның 7 күнінде  8 әкімшілік және 2 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, сәуір айының 6 күні полиция қызметкерлеріАрал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаудын екі дерегін анықтады.

Атап айтқанда, Арал ауданы, Көкарал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 5 қап 250 кг. торта балығын   заңсыз аулағаны үшін Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ, сол күні дәл осы тектес жағдайда  200 кг. торта балықтарын аулағаны үшін Арал ауданының тұрғындары ұсталды. Айғақ заттар алынды.

Екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жұмыстары басталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: