Сенбі, 27 сәуiр, 02:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізуші ұсталды

01.04.2021

1055 0

 Ағымдағы жылдың 23 наурыз күні сағат түнгі 23:52 шамасында Қызылорда қаласы, Бұқарбай батыр көшесінің бойында жаяу жүргіншілер өтпелімен өтпекші болған екі азаматшаны белгісіз автокөліктің қаққандығы туралы полицияға хабарлама түсті.

Орын алған ЖКО бойынша жедел түрде іздестіру  шаралары  басталып,  оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде 1 сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды. Көлік тізгіндеген 36 жастағы қала тұрғынына қатысты оқиға орнында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен  (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.              

Жедел әрекет еткен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Іздестіру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Нартай Азат  ізін суытпай күдікті автокөлікті анықтады. Тәжірибесі мол, өз міндетін жауапты әрі қырағылықпен орындайтын полиция майоры Нартай Азат  Ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет атқарады.

Жаяу жүргіншілердің бірінің інісі әлеуметтік желілер арқылы Нартай Азат  бастаған қызметкерлер тобына алғысын білдіріп, жазба қалдырды.    

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: