Сәрсенбі, 16 қазан, 07:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері жол көлік оқиғаларынан 20 адам қайтыс болды

14.04.2021

1233 0

Жыл басынан 64 жол көлік оқиғаларында 20 адам қайтыс болып, 90  адам әр түрлі дене жарақаттарын алды. Жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жолда жүру ережелерінің өрескел бұзылуы.

Жолда жүру ережелерін бұзу деректерін анықтауда «Азаматтық патруль» белсенділігін арттыру қажет. Полиция бекеттерімен қамтылмаған жерлерде жол ережесін бұзуды, азаматтық белсенділік танытып, фото бейнеге түсіріп, анықтаған деректер бойынша қатысты тиісті шара қолданылады (фото, видеода міндетті түрде күні, уақыты көрсетілуі тиіс). Деректерді құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған жаңа сервис – «102» мобильді қосымшасына хабарлауларыңызға болады.

Қазір, мектеп оқушылары офлайн форматтағы оқуға көшуіне байланысты, білім беру орындары аумағында балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ювеналды полиция және патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Құрметті облыс тұрғындары баршаңыздан белгіленген жылдамдықты асырмауға (592 б.-9774), қарсы бағытқа шықпауға (596/3 б.-59), автокөлікті мас күйде басқармауға (608 б.-203), яғни жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: