Бейсенбі, 02 мамыр, 21:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі «ҚР Еңбек озаты» атанды

30.05.2023

6867 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын қолдау және «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауындағы тәуелсіздік идеяларын жүзеге асыру мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «ҚР Еңбек озаттарының алтын кітабы» патриоттық байқауында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Беккулиева Әйгерім Сейітбекқызы мәдениет саласы бойынша жеңімпаз атанды. 

Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау және жастарға үлгі етуді мақсат еткен байқауға қатысушы әрбір үміткер өмірбаяны мен еңбек жолында жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін өткізді. 

Әйгерім Сейітбекқызы еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері болып бастап, 2018 жылдан осы күнге дейін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Беккулиева Әйгерім Сейітбекқызы – музей ісін жақсы игерген білікті маман. Жастар үшін тәрбиелік маңызы зор мәдени шаралар, тарихи-танымдық жобалар жасап келеді. Музей қорындағы экспонаттарды зерттеп, ғылыми айналымға шығарып, халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстары баспа беттерінде жарық көруде. Музей қызметкерлері арасында республикалық көлемде ұйымдастырылған байқауларда жүлделі орындарға ие.

Мұражай ісі мамандығының дәрежесін көтеру, мұражайға келушілермен жұмыс істеуде жаңа әдістер енгізу мақсатында музей қызметкерлері арасында Семей қаласында 2013 жылы ұйымдастырылған «Жылдың үздік экскурсия жүргізушісі» атты республикалық байқауының ІІ орын иегері, Қызылорда қаласында өткен «2014 жылдың үздік ғылыми қызметкері» облыстық байқауының жеңімпазы, Қызылорда облысының 2014 жылғы «Үкілі үміт» облыстық номинациясының иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбайұлы атындағы музей қызметкерлерінің 2019 жылы Атырау қаласында өткен І Республикалық байқауының ІІІ орын иегері, 2020 жылы Астана қаласында өткен  республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауында «Асыл мұра» тележобасымен (авторы: Ә.Беккулиева) қатысып, «Үздік музейлік онлайн жоба – 2020» республикалық номинациясын иемденді.

Ол бірнеше «SACRAL ТУР», «VILLAGE LIFE», «БОЛАШАҚ ЭКСПОНАТ», «АСЫЛ МҰРА», «МУЗЕЙ РАДИОСЫ» сынды музейлік жобалардың авторы.

Музей ісі – қоғамдық іс-әрекеттің ғылым, білім беру, тәрбие, мәдениетке қатысы бар ерекше сала. Музейдің ғылыми зерттеу жұмыстарына және музей педагогикасына белсене қатысып, жан-жақты білімді, белсенді, эстетикалық талғамы зор, қоғамға пайдалы жастар тәрбиелеуге ат салысып келе жатқан Әйгерім Сейітбекқызына елімізге белгілі тұлғалар еліміздің бас қаласы – Астанада Министрліктер үйінде «ҚР Еңбек озаттарының алтын төсбелгісін» табыс етті. Сонымен қатар, жерлесіміздің есімі ҚР Еңбек озаттарының алтын кітабына енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: