Жұма, 27 желтоқсан, 07:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алдағы уақытта аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады – Тоқаев

15.01.2021

652 0

Алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық окургтерде сай лау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мұнынмен де шектеліп қалмауымыз керетігін, саяси жүйені орнықтырып, шешімдер қабылдау үдерісіне азаматтардың ықпал етуін күшейте түсу үшін тың серпін қажеттігін баса айтты.

«Бұл бағытта реформалардың екінші бөлігін әзірлеу барысында ауқымды жұмыстар жасалды. Онда барлық партияның, соның ішінде кеше Парламентке өтпей қалған саяси күштердің де ұсыныстары ескерілді және болашақта да назарымызда болады. Ұлттық кеңес мүшелерінің және басқа да беделді сарапшылар мен белсенді азаматтардың идеялары, бастамалары қамтылып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: