Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дариға Назарбаева Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты

28.01.2022

895 0

Тұңғыш президенттің үлкен қызының есімі партияның саяси кеңесінің құрамында жоқ. Сол сияқты бұл тізімге Асқар Мамин мен Бауыржан Байбек те енбеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінің қорытындысында белгілі болды.

Билеуші партияның саяси кеңесінің құрамы жаңартылған. Оның құрамында көптеген көрнекті тұлғалар жоқ болды. 

Мысалы, ол жерден журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға мен партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті іздеп таба алмады. 

«Спикер Әшімбаев, спикер Нығматулин және басқалар саяси кеңестегі орнын сақтап қалды. Кеңеске келгендер арасында политех ректоры Бегентаев, агробизнесмен Зенченко, ПӘ жетекшісі Қошанов, бұрынғы футболшы Лория, астана әкімінің орынбасары Оралов, мәжілісмендер Саиров пен Сарым, саясаттанушы Шибутов және басқалар бар, – деп жазады өзінің Telegram-каналында саяси шолушы Ғазиз Әбішев.

Сондай-ақ, ол саяси кеңесте Бауыржан Байбек, депутат Дариға Назарбаева, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, Дархан Кәлетаев, министр Дәурен Абаев, әкім Гүлшара Әбдіқалықованың жоқ екенін жазды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: